Өнім
«da Vinci» жүйесі- микро инвазивті операцияларды жасауға арналған хирургиялық робот.
Бүгінгі күні бұл жүйе ТМД елдерінің ішінде Ресей Федерациясы ауруханаларында ғана бар.
• Федералды жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету агенттігінің В.А.Алмазов атындағы Федералды жүрек, қан мен эндокринология орталығы, Санкт-Петербург қаласы
• Ханты-мансий автономиялық округінің №1 Аймақтық клиникалық ауруханасы, Ханты-мансийск
• Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық медикалық-хирургиялық орталық, Мәскеу қаласы
• А. В. Вишневский атындағы Хирургия институты, Мәскеу қаласы
• №50 Мемлекеттік клиникалық аурухананың негізіндегі Мәскеу мемлекеттік медикалық-стоматология университеті
• №1 Облыстық клиникалық аурухана, Екатеринбург
«Stargen-KZ» компаниясы «Intuitive Surgical» американдық өндірушінің Чех Республикасы, Словак Республикасы, Ресей Федерациясы (6 жүйе орнатылған) мен Шығыс пен Орталық Еуропаның басқа елдеріндегі стратегиялық әріптесі болып табылады.
«Да Винчи» роботталған жүйесі
Негізгі сипаттама
«Да Винчи» роботталған жүйесі - роботтың көмегімен жүргізілетін лапароскопия үшін арналған жүйе. Жүйеде бірнеше манипулятор бар (инструменттер бекітілетін 2 немесе 3 манипулятор, оған қоса камера бекітілген 1 манипулятор). Жүйе адам қолдарының қимылын адам денесінің ішінде қайталайды. Хирург басқару панелінің алдында отырып, стереоскопиялық видеоарна көмегімен операцияны бақылайды және джойстик арқылы роботтың «қолдарындағы» инструменттерді қолданады. Пациенттің денесіне енгізілетін осы инструменттердің көмегімен операция жоғары дәлдікпен жүргізіледі.
«Да Винчи» роботталған жүйесі функционалды тұтастық құрайтын негізгі үш бөліктен тұрады. Олар - басқару панелі, операция панелі мен оптикалық жүйе.

Басқару панелі
Басқару панелі - дәрігер-оператордың жұмыс орны. Ол осы жерден пациенттің денесінің ішіндегі инструменттерді басқарады. Инструменттер екі джойстиктің көмегімен басқарылады. Джойстиктер хирургтің білезік сүйектерінің қимылын қайталап, осы қимылдарды манипуляторлар мен құрылғының операция жағындағы инструменттеріне аударады.
Екінші басқару элементі - аяқ педальдері. Педальдердің көмегімен инструменттердің коагуляциясы, камераның фокусировкасы мен жұмыс манипуляторларының ауыстырылуы реттеледі.
Хирург операцияның жүру барысын оптикалық құрылғы арқылы бақылайды. Бұл құрылғы операция алаңшасының нақты кеңістігін көрсетеді. Мұндай бейне жүйені интуитивті түрде басқаруға, әсіресе пациенттің денесінің ішіндегі инструменттердің жағдайын (тереңдігін білуге болады) анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйемен басқару панелі арқылы жұмыс істегенде кейбір настройкаларды, атап айтқанда қолдардың қимылының инструменттердің қозғалысына дендеттеуді реттеуге болады. Осы жерде операция басталмай тұрып реттеу жасауға болады. Мәселен, құрылғының камераларының калибровкасы, пайдаланатын телескопиялық трубка (тік немесе майысқан) және бейненің түрі таңдалады.

Оптикалық құрылғы
Жүйенің бұл бөлігі операциялық панельде орналасқан стереоскопиялық камерадағы бейнені өңдеуге арналған. Оптикалық құрылғы лапароскопияға (жарық көзі, коагулятор, инсуфляция ...) қажетті басқа да заттардан тұрады. Оптикалық құрылғыда басқа дәрігерлердің операцияны бақылауға мүмкіндік беретін қосымша монитор орналасқан.


Операциялық (хирургиялық) панель
Операциялық (хирургиялық) панель - жүйенің бұл бөлігі пациентпен тікелей контакта болады. Сондықтан, операция барысында бұл бөлік арнайы стерильді жабудын астында. Конфигурацияға байланысты операциялық панельді инструменттер орналасқан 2 не 3 жұмыс манипуляторлары, сонымен қатар камерасы бар бір манипулятор құрайды.
Манипуляторлардың қимылы екі түрге бөлінеді. Бірінші түрі - басқару панелі арқылы оператордың бағыттауымен болатын мотор қимылдары. Бұл қимылдар пациенттің денесінің ішіндегі операцияға әсерін тигізеді, инструменттерді басқарады және осылардың көмегімен операция жүргізіледі. Екінші түрі - тоқтату қимылдары. Бұл қимылдарды көмекші персонал бағыттайды және тек қана жүйені операция алдында реттеу үшін пайдаланылады.





